Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің 11.12.2014 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "Сарыбұлақ" деген сөзі тиісінше "Сарбұлақ" деген сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің 11.12.2014 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің деректемелерінде "Сарыбұлақ" сөзі "Сарбұлақ" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің 27.11.2018 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Сарбұлақ ауылының тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 2 маусымдағы № 3 хаттамасы негізінде, Қобда ауданы Сарбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің 27.11.2018 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Сарбұлақ ауылының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
1) Абай Құнанбаев тұйық көшесі;
2) Виктор Пацаев тұйық көшесі.
2. Сарбұлақ ауылының келесі көшелері мен тұйық көшелерінің атауы өзгертілсін:
1) Ленин көшесі – Астана көшесі;
2) Тарас Шевченко көшесі – Алматы көшесі;
3) Белоруская тұйық көшесі – Балдырған тұйық көшесі;
4) 60 лет Октября тұйық көшесі - Желтоқсан тұйық көшесі;
5) Новая тұйық көшесі – Жастар тұйық көшесі.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі: | Е. Утегенов |