Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 05.10.2018 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 28 маусымдағы № 2-10-3/203 ұсынысы негізінде, Сөгәлі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малының құтырық ауруымен ауруына байланысты Сөгәлі ауылдық округі Қоғалы ауылында орналасқан "Кеңес" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сөгәлі ауылдық округінің әкімі: | А. Тастаев |