Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер" туралы Заңының 50 бабына сәйкес, Байнассай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байнассай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 05 желтоқсандағы № 1 "Байнассай ауылдық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-67 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтардағы аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі мәтінінде "Ә. Молдағұлова", "Махамбет Өтеміс ұлы" сөздері "Әлия Молдағұлова", "Махамбет Утемісұлы" сөздерімен ауыстырылсын.
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде "Алии Молдагуловой", "Махамбета Утемисова", "Еңбек", "Жана Даур" сөздері "Алия Молдагулова", "Махамбет Утемисулы", "Енбекши", "Жана Дауир" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байнассай ауылдық округінің әкімі | Қ. Әлжан |