Байнассай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы N 1 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 23 желтоқсанда N 3-8-67 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің 24.02.2015 № 3 шешімімен (алғашқы оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің мәтінде "Ә. Молдағұлова", "Махамбет Өтеміс ұлы" сөздері "Әлия Молдағұлова", "Махамбет Утемісұлы" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің 04.06.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Байнассай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің 19.11.2018 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Ақмоласай ауылында – Әлия Молдағұлова, Ахмет Жұбанов, Қобланды батыр атты көше атаулары берілсін.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің 24.02.2015 № 3 шешімімен (алғашқы оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Горноводск ауылында - Махамбет Утемісұлы, Қызыл көл атты көше атаулары берілсін.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің 24.02.2015 № 3 шешімімен (алғашқы оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. 13 жылдық Қазақстан ауылында - Қуандық, Еңбекші, Жаңа Дәуір, Достық атты көше атаулары берілсін.

      Ескерту. 3 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің 24.02.2015 № 3 шешімімен (алғашқы оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байнассай ауылдық округінің әкімі: А.Ғ. Сеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады