Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Родников ауылдық округі әкімінің 17.10.2018 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 2-11-3/262 ұсынысы бойынша Родников ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, М. Қазкеев, Аққұдық көшелерін және "Арыстангали", "Рахмет", "Сәби", "Мейрлан", "Ербол", "Ниет", "Даулет" шаруа қожалықтарын қоспағанда, Родников ауылдық округінің Родников ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Родников ауылдық округінің әкімі | А. Күзенбаев |