Шектеу іс-шараларын алу және Родников ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Родников ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 17 қазандағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 22 қазанда № 3-8-192 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 01 қазандағы № 2-11-3/844 ұсынысы негізінде, Родников ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Родников ауылдық округінің Родников ауылы аумағында белгіленген ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез ауруы бойынша ветеринариялық сауықтыру іс-шаралар кешені жүргізілгендігіне байланысты, М. Қазкеев, Аққұдық көшелерін және "Арыстанғали", "Рахмет", "Сәби", "Мейрлан", "Ербол", "Ниет", "Даулет" шаруа қожалықтарын қоспағанда, шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Родников ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3-8-173 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 мамырдағы № 19 "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Родников ауылдық округінің әкімі А. Күзенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады