Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 14 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 188 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2018 жылдың 13 сәуірде № 3-9-197 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 527 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 14.12.2020 № 527 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 14 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4930 тіркелген, 2016 жылдың 30 мамырында "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      "2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі" тарауында:

      8 тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. "Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар аудандық мәслихатының сессия төрағасы
Мұғалжар аудандық мәслихатының хатшысы
Қ. АймағанбетовН. Қалиева
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ. Отаров

О внесении изменения в решение Мугалжарского районного маслихата от 12 апреля 2016 года № 14 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе"

Решение Мугалжарского районного маслихата Актюбинской области от 19 марта 2018 года № 188. Зарегистрировано Управлением юстиции Мугалжарского района Департамента юстиции Актюбинской области 13 апреля 2018 года № 3-9-197. Утратило силу решением Мугалжарского районного маслихата Актюбинской области от 14 декабря 2020 года № 527

      Сноска. Утратило силу решением Мугалжарского районного маслихата Актюбинской области от 14.12.2020 № 527 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, пунктом 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" и статьей 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Мугалжарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Мугалжарского районного маслихата от 12 апреля 2016 года № 14 "Об утверждении Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе", (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4930, опубликованное 30 мая 2016 года в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет") следующее изменение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе, утвержденных указанным решением:

      в главе "2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи":

      подпункт 5) пункта 8 исключить.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Мугалжарского районного маслихата" в установленном законодательном порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Управлении юстиции Мугалжарского района;

      2) направление настоящего решения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Мугалжарского районного маслихата
Секретарь Мугалжарского районного маслихата
К. АймаганбетовН. Калиева
      "СОГЛАСОВАННО"
      Руководитель государственного учреждения "Управления координации занятости и социальных программ Актюбинской области" К. Утаров