Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 14 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 мамырда № 4930 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 527 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 14.12.2020 № 527 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Мұғалжар аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылсын:

      1) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 234 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4407 тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдесінде аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешімі;

      2) Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 ақпандағы № 281 "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 маусымдағы № 234 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4805 тіркелген, 2016 жылдың 14 сәуірінде аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешімі.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      Қ.Аймағанбетов Н.Қалиева
      ________________Б.Бисенгалиева

  Мұғалжар аудандық мәслихатының
  2016 жылғы 12 сәуірдегі
  № 14 шешімімен бекітілген

Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

      1. Осы Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары (бұдан әрі – осы Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) ""Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы, Мұғалжар аудандық бөлімі (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);

      1-1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Мұғалжар ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақтөбе облысының Статистика департаменті (бұдан әрі – облыстық статистика органы) есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 21.12.2016 № 62 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 21.12.2016 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.03.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Осы Қағидалар Мұғалжар ауданында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.

      4. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына "Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен, Үлгілік қағидалармен және осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі -ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      7. Атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері болып табылады:

      9 мамыр - Жеңіс күні;

      қазанның екінші жексенбісі - Мүгедектер күні.

      Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстардың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік-тұрмыстық қажеттілігіне, айына 8 000 (сегіз мың) теңге мөлшерінде;

      2) үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне, бір мүгедек балаға айына 2 (екі) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

      3) онкологиялық аурудан зардап шегетін азаматтарға, ҚТВ инфекциясын жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын ауданның медициналық мекемелері берген тізімдерге сәйкес жылына алты айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, I, II, III топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедектерге және оларды ертіп жүруші тұлғаларға, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – облыстық денсаулық сақтау басқармасы) жолдамасы бойынша емделуге төленетін жол шығындарын өтеу үшін;

      5) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3 500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерiнде.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 19.12.2019 № 373 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8-1. Төтенше жағдай кезінде бір жолғы 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) уәкілетті ұйымның берген тізіміне сәйкес, табыс көзі ескерілмей бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектеріне, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға;

      2) ауданның медициналық мекемелері берген тізімдерге сәйкес, амбулаториялық ем қабылдап жатқан онкологиялық аурудан зардап шегетін азаматтарға, туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға;

      3) уәкілетті органда есепте тұрған жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге;

      4) атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, аз қамтылған отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1(бір) еседен аспаған жағдайда.

      Ескерту. 8-1 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 08.04.2020 № 431 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      9. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      9 мамыр - Жеңіс күніне орай:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерiнде;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      4) мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген тылда жұмыс жасаған азаматтарға, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      5) мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерiнде;

      6) қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде.

      Қазанның екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай:

      Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде.

      Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 03.10.2016 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.03.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2019 № 373 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.04.2020 № 431 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      10. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, 150 000 (жүз елу мың) теңгеге дейінгі шекте;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 100 000 (жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;

      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте;

      4) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;

      5) мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;

      6) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға, 50 000 (елу мың) теңгеге дейінгі шекте;

      7) көп балалы отбасыларға, 140 000 (жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;

      8) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;

      9) аз қамтылған азаматтарға, 140 000 (жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;

      10) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, ҚТВ инфекциясын жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 18.07.2019 № 333 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) жан басына шаққандағы табыстың, ең төменгі күнкөрiс деңгейiнің 1 (бір) еселiк мөлшерінен аспауы негiздеме болып табылады.

      12. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:

      өмірлік қиын жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кеш емес.

      13. Өмірілік қиын жағдайлардағы азаматтарға, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1 еседен аспаса әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерін қоспағанда).

      14. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі

      15. Атаулы күндер мен мерекелік күндері әлеуметтік көмек алушылардан өтініш талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынысы бойынша, Мұғалжар аудандық әкімі бекіткен тізімі бойынша көрсетіледі.

      Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі атаулы күндер мен мерекелік күндері (санатына байланысты) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 28.03.2019 № 305 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттарды қоса жалғай отырып өтініш береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 19.12.2019 № 373 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті немесе құжаттар;

      6) Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 03.10.2016 № 42 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 28.03.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17. Осы Қағидалардың 8 тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі, 8 тармағының 2) және 4) тармақшалары бойынша өтініш жасаған адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) өтініш берушінің әлеуметтік жағдайын растайтын құжат;

      3) Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 19.12.2019 № 373 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4) мүгедек баланы үйде оқитындығын растайтын анықтама (мүгедек балалар үшін);

      5) психолого - медико - педагогикалық кеңестің қорытындысы (мүгедек балалар үшін);

      6) жол жүру билеті;

      7) облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы және дәрігерлік анықтама;

      8) Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 03.10.2016 № 42 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      19. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      Ескерту. 19 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 28.03.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      20. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 20 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 28.03.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      21. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      22. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

      23. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      Ескерту. 23 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 28.03.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      24. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

      25. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 21 және 22 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгерістер енгізілді Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 28.03.2019 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      26. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

      27. Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 03.10.2016 № 42 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      28. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн Мұғалжар ауданы мәслихаты белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      29. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      30. Әлеуметтiк көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Мұғалжар ауданынан тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      31. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      32. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е - собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзіледі.

  Мұғалжар ауданында
  әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін
  белгілеу және мұқтаж азаматтардың
  жекелеген санаттарының тізбесін
  айқындау қағидаларына
  1-қосымша

      Отбасының тіркеу нөмірі _____

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      ____________________________       ____________________________
      (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)

Р/с

ЖСН

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған жылы

















      Өтініш берушінің қолы ____________________ Күні ______________

     
Отбасы құрамы туралы мәліметтерді растауға

      уәкілетті органның лауазымды адамының Т.А.Ә _____________________________
                                                (қолы)

  Мұғалжар ауданында
  әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін
  белгілеу және мұқтаж азаматтардың
  жекелеген санаттарының тізбесін
  айқындау қағидаларына
  2-қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның
(отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      20__ ж. "___" _______

      _____________________
(елді мекен)

      1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ____________________________________
2. Тұратын мекенжайы __________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған
өмірлік қиын жағдай
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______
адам, оның ішінде:

Р/с

Т.А.Ә.

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірлік қиын жағдай

















            Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____адам.

      Балалардың саны: ______________________________________________ жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______адам, оқу құны жылына ______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер,
туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)__________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған,жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):

      _____________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:

      _____________________________________________________________________

      Отбасының табысы:

Р/с

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына













      6. Мыналардың:

      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін
құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)________________________________________

      ______________________________________________________________________________________

      қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскенмәлімделген табыс) ______________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________________

     
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):

      _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):

      _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі:

      ____________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы:

      _____________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:
________________________ ________________________

      Комиссия мүшелері:
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
(қолдары)                   (Т.А.Ә.)

      Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
                  Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы

      Тексеру жүргізілуден бас тартамын ____________________________________өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
_____________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Мұғалжар ауданында
  әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін
  белгілеу және мұқтаж азаматтардың
  жекелеген санаттарының тізбесін
  айқындау қағидаларына
  3-қосымша

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

      20__ ж. ___ ______

      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына
байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)

      _____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде

      _____________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

      адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады

      Комиссия төрағасы:       __________________ _______________________
Комиссия мүшелері:       __________________ _______________________
            __________________ _______________________
            __________________ _______________________
            __________________ _______________________
                  (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Қорытынды
қоса берілген құжаттармен ___ данада
20__ ж. "___" ___________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе
уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады