Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 "2018-2020 жылдарға арналған Батпақкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5847 тіркелген, 2018 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақшасында:
кірістер – "71 808,0" сандары "72 391,0" сандарына ауыстырылсын;
оның ішінде:
трансферттер түсімдері – "71 038,0" сандары "71 621,0" сандарына ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар – "71 808,0" сандары "72 391,0" сандарына ауыстырылсын;
"11 414,0" сандары "11 997,0" сандарына ауыстырылсын.
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Т. Казбеков |
Мұғалжар аудандық мәслихатының хатшысы | Р. Мусенова |
Мұғалжар аудандық мәслихатының | |
2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 252 | |
шешіміне қосымша | |
Мұғалжар аудандық мәслихатының | |
2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 | |
шешіміне 1 қосымша |
2018 жылға арналған Батпақкөл ауылдық округ бюджеті
санаты | сыныбы | кіші сыныбы | атауы | сомасы (мың теңге) |
1. КІРІСТЕР | 72 391,0 | |||
1 | САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР | 756,0 | ||
01 | Табыс салығы | 137,0 | ||
2 | Жеке табыссалығы | 137,0 | ||
04 | Меншікке салынатын салықтар | 619,0 | ||
1 | Мүлікке салынатын салықтар | 42,0 | ||
3 | Жер салығы | 88,0 | ||
4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 489,0 | ||
2 | САЛЫҚТЫҚ ЕМЕС ТҮСІМДЕР | 14,0 | ||
06 | Басқа да салықтық емес түсімдер | 14,0 | ||
1 | Басқа да салықтық емес түсімдер | 14,0 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 71 621,0 | ||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 71 621,0 | ||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 71 621,0 |
функционалдық топ | функционалдық кіші топ | бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсі | бағдарлама | атауы | сомасы (мың теңге) |
ІІ. ШЫҒЫНДАР | 72 391,0 | ||||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 21 398,0 | |||
1 | Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар | 21 398,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 21 398,0 | |||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 17 588,0 | |||
022 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 3 810,0 | |||
04 | Бiлiм беру | 45 498,0 | |||
1 | Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту | 45 498,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 45 498,0 | |||
004 | Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту және мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру | 45 498,0 | |||
07 | Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық | 3 655,0 | |||
3 | Елді-мекендерді көркейту | 3 655,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 3 655,0 | |||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 3 509,0 | |||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 146,0 | |||
12 | Көлiк және коммуникация | 1 340,0 | |||
1 | Автомобиль көлiгi | 1 340,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 1 340,0 | |||
013 | Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 1 340,0 | |||
13 | Басқалар | 500,0 | |||
9 | Басқалар | 500,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 500,0 | |||
040 | Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру | 500,0 | |||
V. Бюджет тапшылығы (профициті) | 0,0 | ||||
VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 0,0 |