Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 75 "Темір ауданы Темір қаласының сатуға арналған жерлерін аймақтарға бөлу сызбасы және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 280 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Темір аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 24 желтоқсанда № 3-10-231 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 75 "Темір ауданы Темір қаласының сатуға арналған жерлерін аймақтарға бөлу сызбасы және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3–10–95 тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Кодексінің 8 бабының 2 тармағына, 11 бабының 1 тармағына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Темір аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Темір аудандық мәслихатының интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық мәслихатының сессия төрағасы Г. Қалиева
      Темір аудандық мәслихатының хатшысы Б. Ізбасов

О внесении изменения в решение районного маслихата от 19 декабря 2008 года № 75 "Темір ауданы Темір қаласының сатуға арналған жерлерін аймақтарға бөлу сызбасы және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы"

Решение Темирского районного маслихата Актюбинской области от 6 декабря 2018 года № 280. Зарегистрировано Управлением юстиции Темирского района Департамента юстиции Актюбинской области 24 декабря 2018 года № 3-10-231

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" Темирский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение районного маслихата от 19 декабря 2008 года № 75 "Темір ауданы Темір қаласының сатуға арналған жерлерін аймақтарға бөлу сызбасы және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3–10–95, опубликованное 29 января 2009 года в газете "Темір") следующее изменение:

      преамбулу указанного решения на казахском языке изложить в следующей новой редакции:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Кодексінің 8 бабының 2 тармағына, 11 бабының 1 тармағына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Темирского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Управлении юстиции Темирского района;

      2) направление настоящего решения на официальное опубликование в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего решения на интернет–ресурсе Темирского районного маслихата.

      3. Настощее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Темирского районного маслихата Г. Калиева
      Секретарь Темирского районного маслихата Б. Избасов