Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 75 "Темір ауданы Темір қаласының сатуға арналған жерлерін аймақтарға бөлу сызбасы және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 280 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Темір аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 24 желтоқсанда № 3-10-231 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 75 "Темір ауданы Темір қаласының сатуға арналған жерлерін аймақтарға бөлу сызбасы және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3–10–95 тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Кодексінің 8 бабының 2 тармағына, 11 бабының 1 тармағына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Темір аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Темір аудандық мәслихатының интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық мәслихатының сессия төрағасы Г. Қалиева
      Темір аудандық мәслихатының хатшысы Б. Ізбасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады