Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 03.12.2019 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 02 наурыздағы № 15-4/158 ұысынысы негізінде Абай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Хромтау ауданының Абай ауылдық округі Шифер база нүктесінде орналасқан "Еркин" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шаралар белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай ауылдық округінің әкімі | А. Мустафин |