Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Хромтау аудандық Әділет басқармасында 2018 жылдың 10 сәуірде № 3-12-170 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 03.12.2019 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 02 наурыздағы № 15-4/158 ұысынысы негізінде Абай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Хромтау ауданының Абай ауылдық округі Шифер база нүктесінде орналасқан "Еркин" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шаралар белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауылдық округінің әкімі А. Мустафин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады