Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы әкімдігінің 19.04.2019 № 147 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17306 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес.
2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы "31" қазандағы № 510 қаулысына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Алматы облысы әкімдігінің 20.02.2019 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері (теңге) |
Субсидияланатын көлем |
Субсидиялар сомасы |
Етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1 | Тауарлық аналық бас | бас | 10 000 | 3 275 | 32 728,5 |
1.2 | Асыл тұқымды аналық бас | бас | 20 000 | 1 363 | 27 260,0 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу: | ||||
1.1 | отандық немесе ТМД елдерінен импортталған | бас | 150 000 | 315 | 47 250,0 |
2. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 5 000 | 3 000 | 15 000,0 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 1 000 | 109 001 | 109 001,0 |
2. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
2.1 | асыл тұқымды аналық басы | бас | 2 500 | 27 903 | 69 757,5 |
2.2 | тауарлық аналық басы | бас | 1 500 | 73 955 | 110 932,5 |
| |||||
1. | Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | балара ұясы | 5 000 | 5 440 | 27 200,0 |
Барлығы | 439 129,5 |
Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы "31" қазанындағы № 510 қаулысына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Алматы облысы әкімдігінің 20.02.2019 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері (теңге) |
Субсидиялар сомасы | |
Етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату | тiрiдей салмағының бір килограмы | 200 | 271,8 | 54 367,4 |
2. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | қосқан салмағының бір килограмы | 200 | 83,9 | 16 777,2 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
1.1 | бағымдағы аналық бас саны 600 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағының бір килограмы | 35 | 3 910,2 | 136 858,6 |
1.2 | бағымдағы аналық бас саны 400 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағының бір килограмы | 20 | 1 813,6 | 36 272,7 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 60 | 687,1 | 41 226,7 |
| |||||
1. | Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 55 | 503,3 | 27 678,8 |
Барлығы | 313 181,4 |