"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қалалық мәслихатының "Жер салығын қамтамасыз ету мақсатында жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" 2007 жылғы 06 наурыздағы № 357 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-1-41 тіркелген, 2007 жылдың 13 сәуірінде "Талдықорған" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Бигужанов Тимур Капасовичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қалалық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Ж. Нұрлыбаева |
Талдықорған қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Қ. Бұлдыбаев |