Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылғы 06 наурыздағы "Жер салығын қамтамасыз ету мақсатында жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" № 357 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 156 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 26 наурызда № 4589 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қалалық мәслихатының "Жер салығын қамтамасыз ету мақсатында жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" 2007 жылғы 06 наурыздағы № 357 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-1-41 тіркелген, 2007 жылдың 13 сәуірінде "Талдықорған" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Бигужанов Тимур Капасовичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қалалық мәслихаты
      сессиясының төрағасы Ж. Нұрлыбаева
      Талдықорған қалалық
      мәслихатының хатшысы Қ. Бұлдыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады