"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қапшағай қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Қапшағай қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 13 қазандағы № 11-40 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4013 тіркелген, 2016 жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) "Қапшағай қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2016 жылғы 30 қарашадағы №14-48 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4058 тіркелген, 2017 жылдың 16 қаңтарында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қапшағай қалалық мәслихатының аппарат басшысы Айтова Мейрамгуль Казбековнаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қапшағай қалалық мәслихатының | |
сессия төрағасы | А. Ефименко |
Қапшағай қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Қ. Ахметтаев |