Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 26.06.2018 № 36-161 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қапшағай қаласы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. "Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Кожабергенова Шолпан Сагимбековнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Ауылшаруашылықты және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын өркендету, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қапшағай қалалық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | С. Даданбеков |
Қапшағай қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Қ. Ахметтаев |