"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу ауылдық округінің Көкжайдақ ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2015 жылғы 25 қыркүйектегі Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақсу ауданы Ақсу ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу ауылдық округінің Көкжайдақ ауылындағы "Орталық" көшесі "Әмірбек Жиенбаев" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Н. Какимбаев |