Ақсу ауылдық округінің Көкжайдақ ауылындағы көшені қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Ақсу ауданы Ақсу ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 22 қазандағы № 4 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 9 қарашада № 4852 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу ауылдық округінің Көкжайдақ ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2015 жылғы 25 қыркүйектегі Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақсу ауданы Ақсу ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу ауылдық округінің Көкжайдақ ауылындағы "Орталық" көшесі "Әмірбек Жиенбаев" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Н. Какимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады