"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Алакөл ауданының аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 7 ұсынысының негізінде, Жайпақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алакөл ауданының Жайпақ ауылдық округі аумағында ұсақ мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Жайпақ ауылдық округі әкімінің "Жайпақ ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2017 жылғы 15 қарашадағы № 10 (Нормативтік құқықытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4395 тіркелген, 2017 жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Е. Табеев |