Жайпақ ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы Жайпақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 15 қарашадағы № 10 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 23 қарашада № 4395 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Жайпақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Жайпақ ауылдық округі әкімінің 08.02.2018 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Алакөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 24 шілдедегі № 7 ұсынысының негізінде, Жайпақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алакөл ауданының Жайпақ ауылдық округінің аумағында ұсақ мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Е. Табеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады