"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қабанбай ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 7 маусымдағы қорытындысы негізінде, Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қабанбай ауылдық округінің Қабанбай ауылындағы "Учительская" көшесі "Болат Қалажанов" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | К. Кабдылдаев |