Қабанбай ауылдық округінің Қабанбай ауылындағы көшені қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 23 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 3 мамырда № 4672 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қабанбай ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 7 маусымдағы қорытындысы негізінде, Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қабанбай ауылдық округінің Қабанбай ауылындағы "Учительская" көшесі "Болат Қалажанов" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі К. Кабдылдаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады