"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 28-37 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4692 тіркелген, 2018 жылдың 14 мамырында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Джелдикбаева Айкерим Алчиновнаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | Г. Мухтарова |
Аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Ахметов |