Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 тамыздағы № 32-66 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 4 қыркүйекте № 4809 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 28-37 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4692 тіркелген, 2018 жылдың 14 мамырында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Джелдикбаева Айкерим Алчиновнаға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Г. Мухтарова
      Аудандық мәслихатының хатшысы Б. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады