Қарасай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 38 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 12 ақпанда № 4521 болып тіркелді

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Қарасай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. "Қарасай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға Қарасай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарға жолдауын;

      4) осы қаулыны Қарасай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нұржан Алмабаевич Сатубековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасай ауданының әкімі М. Бигельдиев

  Қарасай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қаңтар "Қарасай ауданында қоғамдық тәртіпке қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін және оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" № 38 қаулысына қосымша

Қарасай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

      2. Қарасай ауданының Ішкі істер басқармасының ұсынысы бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Қарасай ауданының Әкімдігімен құрылған комиссия қарайды.

      3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, әдетте 10 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, Комиссия белгілейді.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес, қосымша Ішкі істер басқармасы бастығының бұйрығы шығарылады.

Об определении видов и порядка поощрения граждан, а также размера денежного вознаграждения, участвующих в обеспечении общественного порядка в Карасайском районе

Постановление акимата Карасайского района Алматинской области от 22 января 2018 года № 38. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 12 февраля 2018 года № 4521

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 3 Закона Республики Казахстан от 09 июля 2004 года "Об участии граждан в обеспечении общественного порядка" акимат Карасайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить виды и порядок поощрений граждан, а также размера денежного вознаграждения, участвующих в обеспечении общественного порядка в Карасайском районе согласно приложения к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Карасайского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Алматинской области;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемых на территории Карасайского района;

      4) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Карасайского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Карасайского района Сатубекова Нуржана Алмабаевича.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Карасайского района М. Бигельдиев

 
  Приложение к постановлению акимата Карасайского района от 22 января 2018 года № 38 "Об определении видов и порядка поощрения граждан, а также размера денежного вознаграждения, участвующих в обеспечении общественного порядка в Карасайском районе"


Виды и порядок поощрения граждан, а также размера денежного вознаграждения, участвующих в обеспечении общественного порядка в Карасайском районе

      1. Видами поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка являются:

      1) объявление благодарности;

      2) награждение грамотой;

      3) выдача денежной премии.

      2. Вопросы поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка рассматривается комиссией, созданной акиматом Карасайского района, по представлению Управления внутренних дел Карасайского района.

      3. Основанием для поощрения является решение, принимаемой Комиссией.

      4. Виды поощрения, в том числе размер денежного вознаграждения устанавливается Комиссией с учетом внесенного поощряемым вклада в обеспечение общественного порядка и не превышает как правило, 10-кратного месячного расчетного показателя.

      5. Для выплаты денежного вознаграждения дополнительно издается приказ начальника Управления внутренних дел Карасайского района согласно решению, принятому Комиссией.