Қаратал ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 мамырдағы № 34-146 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 22 мамырда № 4713 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 қарашадағы № 44-169 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 21.11.2018 № 44-169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратал ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспаросы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратал аудандық мәслихатының "Жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, құрылыс, жерді пайдалану, табиғат қорғау және табиғи қорды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.

      Қаратал аудандық мәслихатының сессия төрағасы Т. Цой
      Қаратал аудандық мәслихатының хатшысы Б. Смаилов

  Қаратал аудандық мәслихатының 2018 жылғы "5" мамырдағы "Қаратал ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" № 34-146 шешіміне қосымша

Қаратал ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

      Қаратал ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі – Жоспар) "Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңына, "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 тіркелген), "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" 2015 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 3-3/332 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11064 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.

      Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдарды тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

      Жоспар:

      1. осы жоспардың 1-қосымшасына сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдалынушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын);

      2. осы жоспардың 2-қосымшасына сәйкес жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын;

      3. осы жоспардың 3-қосымшасына сәйкес жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым обьектілері белгіленген картасын;

      4. осы жоспардың 4-қосымшасына сәйкес жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне(көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын;

      5. осы жоспардың 5-қосымшасына сәйкес жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жанурларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын;

      6. осы жоспардың 6-қосымшасына сәйкес ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңдытұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы;

      7. осы жоспардың 7-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигін қамтиды.

      Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық обьектілер туралы мәліметтер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю, аридтік және мәдени жайылымдары туралы деректер ескеріле отырып қабылданды.

      Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі 1 қалалық, 9 ауылдық округтен, 34 ауылдық елді мекендерден тұрады.

      Қаратал ауданының жалпы жерінің көлемі 2 422,222 мың гектар, оның ішінде жайылымдық жерлер 452,429 мың гектар.

      Жер санаттары бойынша келесідей бөлінеді:

      ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлер 486,613 мың гектар;

      елді мекен жерлері 29,710 мың гектар;

      өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналған өзге де жерлер -2,295 мың гектар;

      орман қорының жерлері 765,397 мың гектар;

      су қорының жерлері 1,153 мың гектар;

      босалқы жер қоры 1 014,903 мың гектар.

      Қаратал ауданының климаты континенталды. Жылдық жауын-шашын мөлшері жазық аймақтарда 150-260 мм, таулы аймақтарда 350-550 мм. Қаңтардың орташа температурасы -15-17°С, шілдеде +23+26°С.

      Жазық далада жартылай шөлейтті сұр-қоңыр топырақ, ал тау бөктерде ашық-қоңыр, қара топырақ тараған. Аудан аумағында Қаратал өзені ағып жатыр.

      Аудан аумағында кең тараған өсімдіктер мөлшермен 112 түрі саналған, оның 27 тұқымды түрге және 81 гүлді өсімдіктерге жатады. Ең көп таралған үш тұқымдастар: дәнді, күрделі гүлділер және бұлдырлар.

      Жайылымдық алқаптардың орташа өнімділігі 3,5 центнер/гектарды құрайды.

      Жайылымдар азықтарының қоры жайылымдық кезеңде 180-210 күн ұзақтығымен пайдаланылады. Қаратал ауданында 9 мал дәрігерлік пункті, 8 қолдан ұрықтандыру пункті және 6 мал көмінділері қолданыста.

  Қаратал ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына 1-қосымша

Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

     


  Қаратал ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына 2-қосымша

Жайылым айналымдарының қолайлы схемасы

     


  Қаратал ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына 3-қосымша

Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайлымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

     


  Қаратал ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына 4-қосымша

Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немес шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

     


  Қаратал ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына 5-қосымша

Жайылымдары жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

     


  Қаратал ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына 6-қосымша

Ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

     


  Қаратал ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына 7-қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Жылдар

Жайылымдардарға малдарды айдап шығару және жайылымдардан қайтару мерзімдері

Көктем

Жаз

Күз

Қыс

2018

Наурыз айының І-ші он күндігі
Мамыр айының ІІ-ші он күндігі

Мамыр айының ІІ-ші он күндігі
Қазан айының ІІ-ші он күндігі

Қазан айының ІІ-ші он күндігі
Қараша айының ІІІ-ші он күндігі

Қараша айының ІІІ-ші он күндігі
Наурыз айының І-ші он күндігі

2019

Наурыз айының І-ші он күндігі
Мамыр айының ІІ-ші он күндігі

Мамыр айының ІІ-ші он күндігі
Қазан айының ІІ-ші он күндігі

Қазан айының ІІ-ші он күндігі
Қараша айының ІІІ-ші он күндігі

Қараша айының ІІІ-ші он күндігі
Наурыз айының І-ші он күндігі


Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Каратальскому району на 2018-2019 годы

Решение Каратальского районного маслихата Алматинской области от 5 мая 2018 года № 34-146. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 22 мая 2018 года № 4713. Утратило силу решением Каратальского районного маслихата Алматинской области от 21 ноября 2018 года № 44-169

      Сноска. Утратило силу решением Каратальского районного маслихата Алматинской области от 21.11.2018 № 44-169 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах", Каратальский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить План по управлению пастбищами и их использованию по Каратальскому району на 2018-2019 годы согласно приложению к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Каратальского районного маслихата "По вопросам планирования, бюджета, хозяйственной деятельности, строительства, землепользования, охраны природы и рационального использования природных ресурсов.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Каратальского районного маслихата Т. Цой
      Секретарь Каратальского районного маслихата Б. Смаилов

  Приложение к решению Каратальского районногомаслихата от 5 мая 2018 года № 34-146 "Об утверждении Планапо управлению пастбищамии их использованию по Каратальскому районуна 2018-2019 годы"

План по управлению пастбищами и их использованию по Каратальскому району на 2018-2019 годы

      Настоящий План по управлению пастбищами и их использованию по Каратальскому району на 2018-2019 годы (далее – План) разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах", приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан– Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 апреля 2017 года № 173 "Об утверждении Правил рационального использования пастбищ" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 15090), приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 3-3/332 "Об утверждении предельно допустимой нормы нагрузки на общую площадь пастбищ" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11064).

      План принимается в целях рационального использования пастбищ, устойчивого обеспечения потребности в кормах и предотвращения процессов деградации пастбищ.

      План содержит:

      1. схему (карту) расположения пастбищ на территории административно-территориальной единицы в разрезе категории земель, собствеников земельных участков и землепользователей на основании правоустанавливающих документов, согласно приложению 1 к настоящему Плану;

      2. приемлемую схему пастбищеоборотов, согласно приложению 2 к настоящему Плану;

      3. карту с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, в том числе сезонных, объектов пастбищной инфраструктуры, согласно приложению 3 к настоящему Плану;

      4. схему доступа пастбищепользователей к водоистчникам (озерам, рекам, прудам, копаням, оросительным или обводительными каналам, трубчатым или шахтным колодцам), составленную согласно норме потребления воды, согласно приложению 4 к настоящему Плану;

      5. схему перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и перемещения его на предоставляемые пастбища, согласно 5 к настоящему Плану;

      6. схему размещения поголовья сельскохозяйственных животных на отгонных пастбищах физических и (или) не обеспеченных пастбищами, расположенными при селе, сельском округе, согласно приложеню 6 к настоящему Плану;

      7. календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты и передвижения сельскохозяйственных животных, согласно приложению 7 к настоящему Плану;

      План принят с учетом сведений о состоянии геоботанического обследования пастбищ, сведений о ветеринарно-санитарных обьектах, данных о численности поголовья сельскохозяйственных животных с указанием их владельцев-пастбищепользователей, физических и (или) юридических лиц, данных о количестве гуртов, отар, табунов, сформированных по видам и половозрастным группам сельскохозяйственных животных, сведений о формировании поголовья сельскохозяйственных животных для выпаса на отгонных пастбищах, особенностей выпаса сельскохозяйственных животных на культурных и аридных пастбищах.

      Администиративно-территориальное деление района состоит из1 городского, 9 сельских округов,34 сельских населенных пунктов.

      Общая площадь земель Каратальского района 2 422,222 тысячи гектаров, из них пастбищные земли 452,429 тысяч гектаров.

      По категориям земли подразделяются на:

      земли сельскохозяйственного назначения – 486,613 тысяч гектаров;

      земли населенных пунктов – 29,71 тысяч гектаров;

      земли промышленности, транспорта, связи, для нужд космической деятельности, обороны, национальной безопасности и иного не сельскохозяйственного назначения – 2,3 тысячи гектаров;

      земли лесного фонда – 765,397 тысяч гектаров;

      земли водного фонда –1,153 тысячи гектаров;

      земли запаса – 1014,903 тысяч гектаров.

      Климат района континентальный. Годовое количество атмосферных осадков на равнинной территории 150-260 мм, в горных районах 350-550 мм. Средняя температура в январе -15-17°С, в июле +23+26°С.

      На равнине распространены серо-бурые полупустынные почвы, в предгорьях светло-каштановые и черноземные.

      На территории района протекает река Каратал.

      На территории района насчитывается примерно 112 видов широко распространенных растений, из них относящихся к 27 семействам и 81 родам. Наибольшее распространение получили три семейства: злаковые, сложноцветные и маревые.

      Средняя урожайность пастбищных угодий составляет 3,5 центнер/гектар.

      Фонд кормов пастбищ используется в пастбищный период продолжительностью 180-210 дней.

      В Каратальском районе действуют 9 ветеринарных пунктов, 8 пунктов для искусственного осеменения и 6 скотомогильников.

  Приложение 1 к Плану по управлению пастбищами и их использованию по Каратальскому району на 2018-2019 годы

Схема (карта) расположения пастбищ на территории администротивно-территориальной единицы в разрезе категорий земель, собственников земельных участков и землепользователей на основании правоустанавливающих документов

     


  Приложение 2 к Плану по управлению пастбищами и их использованию по Каратальскому району на 2018-2019 годы

Приемлемая схема пастбищеоборотов

     


  Приложение 3 к Плану по управлению пастбищами и их использованию по Каратальскому району на 2018-2019 годы

Карта с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, в том числе объектов пастбищной инфраструктуры

     


  Приложение 4 к Плану по управлению пастбищами и их использованию по Каратальскому району на 2018-2019 годы

Схема доступа пастбищепользователей к водоисточникам (озерам, рекам, прудам, копаниям, оросительным или обводнительным каналам, трубчатым или шахтным колодцам), составленную согласно норме потребления воды

     


  Приложение 5 к Плану по управлению пастбищами и их использованию по Каратальскому району на 2018-2019 годы

Схема перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных физических и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и перемещения его на предоставляемые пастбища

     


  Приложение 6 к Плану по управлению пастбищами и их использованию по Каратальскому району на 2018-2019 годы

Схема размещения поголовья сельскохозяйственных животных на отгонных пастбищах физических и (или) юридических лиц, не обеспеченных пастбищами, расположенных при селе, сельском округе

     


  Приложение 7 к Плану по управлению пастбищами и их использованию по Каратальскому району на 2018-2019 годы

Календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных

Годы

Сроки перегона скота на пастбища и возврата скота из пастбищ

Весна

Лето

Осень

Зима

2018

I-декада
марта
II-декада
мая

II-декада
мая
II-декада
октября

II-декада
октября
IIІ-декада
ноября

III-декада
ноября
I-декада
марта

2019

I-декада
марта
II-декада
мая

II-декада
мая
II-декада
октября

II-декада
октября
IIІ-декада
ноября

III-декада
ноября
I-декада
марта