"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал аудандық мәслихатының "Қаратал ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2018 жылғы 5 мамырдағы № 34-146 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4713 тіркелген, 2018 жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратал аудандық мәслихатының аппарат басшысы Досымбаева Алия Толендиноваға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаратал аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Г. Куйкалакова |
Қаратал аудандық мәслихатының хатшысы | Б.Смаилов |