Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы Жолбарыс батыр аудандық округі әкімінің 11.12.2018 № 29 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 1 тамыздағы № 9 ұсынысының негізінде Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округі Кәлпе ауылының Т. Рысқұлов, Т. Даулетяров көшелерінде ұсақ мүйізді малдар арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жолбарыс батыр ауылдық округі | |
әкімінің уақытша міндетін атқарушы | Х. Абдумуслимова |