Жолбарыс батыр ауылдық округі Кәлпе ауылының Т. Рысқұлов, Т. Даулетяров көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 23 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6 қыркүйекте № 4814 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы Жолбарыс батыр аудандық округі әкімінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 29 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы Жолбарыс батыр аудандық округі әкімінің 11.12.2018 № 29 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 1 тамыздағы № 9 ұсынысының негізінде Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округі Кәлпе ауылының Т. Рысқұлов, Т. Даулетяров көшелерінде ұсақ мүйізді малдар арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жолбарыс батыр ауылдық округі
      әкімінің уақытша міндетін атқарушы Х. Абдумуслимова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады