"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 20 қарашасындағы № 13 ұсынысының негізінде, Жолбарыс батыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал ауданының Жолбарыс батыр ауылдық округі Кәлпе ауылының Т. Рысқұлов, Т. Даулетяров көшелерінде ұсақ мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің "Жолбарыс батыр ауылдық округі Кәлпе ауылының Т. Рысқұлов,Т. Даулетяров көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 23 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4814 тіркелген, 2018 жылдың 12 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жолбарыс батыр ауылдық округінің әкімі | С. Андасбаев |
Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің "11" желтоқсандағы 2018 жылғы "Жолбарыс батыр ауылдық округі Кәлпе ауылы Т. Рысқұлов, Т. Даулетяров көшелеріне шектеу іс-шараларын тоқтату туралы" № 29 шешіміне келісім.