Көксу ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 29-3 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 2 мамырда № 4666 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 қарашадағы № 38-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 21.11.2018 № 38-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көксу ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихатының "Заңдылық пен құқықтық тәртіп, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, марапаттау және депутаттардың өкілеттігі жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Көксу ауданы мәслихатының
      сессия төрағасы М. Каблисанов
      Көксу ауданы
      мәслихатының хатшысы А. Досымбеков

  Көксу ауданы мәслихатының 2018 жылғы "5" сәуірдегі "Көксу ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды асқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" № 29-3 шешіміне қосымша

Көксу ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

      Көксу ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) "Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңына, "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 тіркелген), "Жайылымдардың жалпы алаңы түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" 2015 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 3-3/332 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11064 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.

      Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдарды тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

      Жоспар:

      1. осы жоспардың 1-қосымшасына сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдалынушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын);

      2. осы жоспардың 2-қосымшасына сәйкес жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын;

      3. осы жоспардың 3-қосымшасына сәйкес жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым обьектілері белгіленген картасын;

      4. осы жоспардың 4-қосымшасына сәйкес жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын;

      5. осы жоспардың 5-қосымшасына сәйкес жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жанурларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын;

      6.осы жоспардың 6-қосымшасына сәйкес ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы;

      7. осы жоспардың 7-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигін қамтиды.

      Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық обьектілер туралы мәліметтер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшіліктері, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

      Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі 10 ауылдық округтен, 34 ауылдық елді мекеннен тұрады.

      Көксу ауданының жалпы жерінің көлемі 706,7 мың гектар, оның ішінде жайылымдық жерлер 498,1 га.

      Жер санаттары бойынша келесідей бөлінеді:

      ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлер 540,3 мың гектар;

      елді мекен жерлері 32,9 мың гектар;

      өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналған өзге де жерлер -2,3 мың гектар;

      орман қорының жерлері 14,0 мың гектар;

      су қорының жерлері 0,4 мың гектар;

      босалқы жер қоры 102,9 мың гектар.

      Көксу ауданының климаты континенталды. Жылдық жауын-шашын мөлшері жазық аймақтарда 150-260 мм, таулы аймақтарда 350-550 мм. Қаңтардың орташа температурасы -12-16°С, шілдеде +18+23°С.

      Жазық даласы жартылай шөлейтті сұры-қоңыр топырақтан, ал тау бөктері ашық-қоңыр, қара топырақтан тұрады.

      Аудан аумағында Көксу, Быжы, Жарлыөзек, Мұқыры, Мұқаншы өзендері ағып жатыр.

      Аудан аумағында өсімдіктердің 109 түрі тараған. Ең көп таралған үш тұқымдастар: дәнді, күрделі гүлділер және бұлдырлар.

      Жайылымдық алқаптардың орташа өнімділігі 3,5 центнер/гектарды құрайды.

      Жайылымдар азықтарының қоры жайылымдық кезеңде 180-210 күн ұзақтығымен пайдаланылады.

      Көксу ауданында 2 мал дәрігерлік пункті, 14 қолдан ұрықтандыру пункті және 7 мал көмінділері жұмыс істейді.

  Көксу ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 1-қосымша

Құқық белгілейтіін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдар орналасу схемасы (картасы)

     


  Көксу ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 2-қосымша

Жайылым айналымдарының қолайлы схемасы

     


  Көксу ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 3-қосымша

Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым нысандар белгіленген картасы

     


  Көксу ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 4-қосымша

Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормаларына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға,суғару немесе суландыру каналдарына, құбырлы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

     


  Көксу ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 5-қосымша

Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

     


  Көксу ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 6-қосымша

Ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдар мен қамтамасыз етілмеген және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

     


  Көксу ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға шешіміне 7-қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Жыл дар

Жайылымдарға малдарды айдап шығару және жайылымдардан қайтару мерзімдер

Көктем

Жаз

Күз

Қыс

 
2018

Наурыз айының І-ші он күндігі
Мамыр айының ІІ-ші он күндігі

Мамыр айының ІІ-ші он күндігі
Қазан айының ІІ-ші он күндігі

Қазан айының ІІ-ші он күндігі
Қараша айының ІІІ-ші он күндігі

Қараша айының ІІІ-ші он күндігі
Наурыз айының ІІ-ші он күндігі

 
2019

Наурыз айының І-ші он күндігі
Мамыр айының ІІ-ші он күндігі

Мамыр айының ІІ-ші он күндігі
Қазан айының ІІ-ші он күндігі

Қазан айының ІІ-ші он күндігі
Қараша айының ІІІ-ші он күндігі

Қараша айының ІІІ-ші он күндігі
Наурыз айының І-ші он күндігі


Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Коксускому району на 2018-2019 годы

Решение Коксуского районного маслихата Алматинской области от 5 апреля 2018 года № 29-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 2 мая 2018 года № 4666. Утратило силу решением Коксуского районного маслихата Алматинской области от 21 ноября 2018 года № 38-5

      Сноска. Утратило силу решением Коксуского районного маслихата Алматинской области от 21.11.2018 № 38-5 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах" маслихат Коксуского района РЕШИЛ:

      1. Утвердить План по управлению пастбищами и их использованию по Коксускому району на 2018-2019 годы согласно приложению к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию маслихата Коксуского района "По законодательству и правопорядку, социальной защите населения, награждению и полномочиям депутатов".

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии маслихата
      Коксуского района М. Каблисанов
      Секретарь маслихата
      Коксуского района А. Досымбеков

  Приложение к решению маслихата Коксуского района от "5" апреля 2018 года № 29-3 "Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Коксускому району на 2018-2019 года"

План по управлению пастбищами и их использованию по Коксускому району на 2018-2019 года

      Настояший План по управлению пастбищами и их использованию по Коксускому району на 2018-2019 годы (далее – План) разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах", приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан-Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 апреля 2017 года № 173 "Об утверждении Правил рационального использования пастбищ" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 15090), приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 3-3/332 "Об утверждении предельно допустимой нормы нагрузки на общую площадь пастбищ" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11064).

      План принимается в целях рационального использования пастбищ, устойчивого обеспечения потребности в кормах и предотвращения процессов деградации пастбищ.

      План содержит:

      1. схему (карту) расположения пастбищ на территории административно-территориальной единицы в разрезе категории земель, собствеников земельных участков и землепользователей на основании правоустанавливающих документов, согласно приложению 1 к настоящему Плану;

      2. приемлемую схему пастбищеоборотов, согласно приложению 2 к настоящему Плану;

      3. карту с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, в том числе сезонных, объектов пастбищной инфраструктуры, согласно приложению 3 к настоящему Плану;

      4. схему доступа пастбищепользователей к водоистчникам (озерам, рекам, прудам, копаням, оросительным или обводительными каналам, трубчатым или шахтным колодцам), составленную согласно норме потребления воды, согласно приложению 4 к настоящему Плану;

      5. схему перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и перемещения его на предоставляемые пастбища, согласно приложеню 5 к настоящему Плану;

      6. схему размещения поголовья сельскохозяйственных животных на отгонных пастбищах физических и (или) не обеспеченных пастбищами, расположенными при селе, сельском округе, согласно приложеню 6 к настоящему Плану;

      7. календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты и передвижения сельскохозяйственных животных, согласно приложению 7 к настоящему Плану;

      План принят с учетом сведений о состоянии геоботанического обследования пастбищ, сведений о ветеринарно-санитарных обьектах, данных о численности поголовья сельскохозяйственных животных с указанием их владельцев-пастбищепользователей, физических и (или) юридических лиц, данных о количестве гуртов, отар, табунов, сформированных по видам и половозрастным группам сельскохозяйственных животных, сведений о формировании поголовья сельскохозяйственных животных для выпаса на отгонных пастбищах, особенностей выпаса сельскохозяйственных животных на культурных и аридных пастбищах.

      Администиративно-территориальное деление района состоит из 10 сельских округов, 34 сельских населенных пунктов.

      Общая площадь земель Коксуского района 706,7 тысяч гектаров, из них пастбищные земли 498,1 тысяча гектаров.

      По категориям земли подразделяются на:

      земли сельскохозяйственного назначения – 540,3 тысяч гектаров;

      земли населенных пунктов – 32,9 тысяч гектаров;

      земли промышленности, транспорта, связи, для нужд космической деятельности, обороны, национальной безопасности и иного не сельскохозяйственного назначения – 2,3 тысячи гектаров;

      земли лесного фонда – 14 тысяч гектаров;

      земли водного фонда – 0,4 тысячи гектаров;

      земли запаса – 102,9 тысяч гектаров.

      Климат района континентальный. Годовое количество атмосферных осадков на равнинной территории 150-260 мм, в горных районах 350-550 мм. Средние температуры в январе –12-16°С, в июле +18+23°С.

      На равнине распространены серо-бурые полупустынные почвы, в предгорьях светло-каштановые и черноземные.

      На территории района протекают реки – Коксу, Биже, Жарлыозек, Мукры, Муканчи.

      На территории района насчитывается 109 видов растений. Наибольше распространные три вида семейства: злаковые, сложноцветные и маревые.

      Средняя урожайность пастбищных угодий составляет 3,5 центнер/гектар.

      Фонд кормов пастбищ используется в пастбищный период продолжительностью 180-210 дней.

      В Коксуском районе действуют 2 ветеринарных пункта, 14 пунктов для искусственного осеменения и 7 скотомогильников.

  Приложение 1 к Плану по управлению пастбищами и их использованию по Коксускому району на 2018-2019 годы

Схема (карта) расположения пастбищ на территории района в разрезе категорий земель, собственников земельных участков и землепользователей на основонии правоустановливающих документов

     


  Приложение 2 к Плану по управлению пастбищами и их использованию по Коксускому району на 2018-2019 годы

Приемлемые схемы пастбищеоборотов

     


  Приложение 3 к Плану по управлению пастбищами и их использованию по Коксускому району на 2018-2019 годы

Карта с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, в том числе сезонных объектов пастбищной инфраструктуры

     


  Приложение 4 к Плану по управлению пастбищами и их использованию по Коксускому району на 2018-2019 годы

Схема доступа пастбищепользователей к водоисточникам (озерам, рекам, прудам, копаням, оросительным или обводнительным каналам, трубчатым или шахтным колодцам) составленную согласно норме потребления воды

     


  Приложение 5 к Плану по управлению пастбищами и их использованию по Коксускому району на 2018-2019 годы

Схема перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных физических и (или) юридических лиц, у которых отсуствуют пастбища, и перемещения его на предоставляемые пастбища

     


  Приложение 6 к Плану по управлению пастбищами и их использованию по Коксускому району на 2018-2019 годы

Схема размещения поголовья сельскохозяйственных животных на отгонных пастбищах физических и (или) юридических лиц, не обеспеченных пастбищами, расположенными при селе, сельском округе

     


  Приложение 7 к решению к Плану по управлению пастбищами и их использованию по Коксускому району на 2018-2019 годы

Календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных

Годы

Сроки перегона скота на пастбища и возврата скота из пастбищ

Весна

Лето

Осень

Зима

 
2018

І-декада марта
ІІ-декада мая

ІІ-декада мая
ІІ-декада октября

ІІ-декада октября
ІІІ-декада ноября

ІІІ-декада ноября
І-декада марта

 
2019

ІІ-декада марта
ІІ-декада мая

ІІ-декада мая
ІІ-декада октября

ІІ-декада октября
ІІІ-декада ноября

ІІІ-декада ноября
І-декада марта