"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарқан аудандық мәслихатының "Сарқан ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 2-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3840 тіркелген, 2016 жылдың 1 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Разбеков Бейсенбай Мерекебаевичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
сессия төрағасы | Ж. Игіман |
Аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | К. Абдрахманов |