Сарқан аудандық мәслихатының "Сарқан ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 2-8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы № 40-172 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 10 шілдеде № 4764 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарқан аудандық мәслихатының "Сарқан ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 2-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3840 тіркелген, 2016 жылдың 1 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Разбеков Бейсенбай Мерекебаевичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы Ж. Игіман
      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы К. Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады