Жамбыл облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшерін айқындау туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 267 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 4066 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жамбыл облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мырзахметов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2018 жылғы "__" желтоқсандағы
№___ қаулысына қосымша

Жамбыл облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 25.02.2021 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Жамбыл облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшері кен іздеушілік мерзімінің бірінші жылы мен үшінші жылын қоса алғанда 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінің 210 бабының 2 тармағының 1 абзацында және 274 бабында белгіленген бір гектар үшін операцияларға жұмсалған жылдық ең төменгі шығыстар сомасының 20 % -дық көлемінде төмендегі формуламен анықталады:

      Q = 530 х АЕК х 20 %

      мұндағы:

      Q- кен іздеушілік мерзімінің бірінші жылы мен үшінші жылын қоса алғанда қамтамасыз ету мөлшері;

      АЕК- тиісті қаржылық жылға, республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіш.

Об определении размера обеспечения исполнения обязательств недропользователя по ликвидации последствий старательства за один гектар по Жамбылской области

Постановление акимата Жамбылской области от 24 декабря 2018 года № 267. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 26 декабря 2018 года № 4066.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 2017 года "О недрах и недропользовании" акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить размер обеспечения исполнения обязательств недропользователя по ликвидации последствий старательства за один гектар по Жамбылской области согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Жамбылской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Жамбылской области;

      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области А. Мырзахметов

  Приложение к постановлению
акимата Жамбылской области
от "__" декабря 2018 года №__

Размер обеспечения исполнения обязательств недропользователя по ликвидации последствий старательства за один гектар по Жамбылской области

      Сноска. Приложение - в редакции постановления акимата Жамбылской области от 25.02.2021 № 54 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Размер обеспечения исполнения обязательств недропользователя по ликвидации последствий старательства за один гектар по Жамбылской области с первого по третий год срока старательства включительно определяется в размере 20% от суммы ежегодных минимальных расходов на операции по старательству по одному гектару, установленных в абзаце 1 пункта 2 статьи 210 и статьи 274 Кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 2017 года "О недрах и недропользовании", по следующей формуле:

      Q = 530 х МРП х 20 %

      где:

      Q - размер обеспечения с первого по третий год срока старательства включительно;

      МРП - месячный расчетный показатель, установленный на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете.