Байзақ ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін түзету туралы

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 қарашадағы № 35-2 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 қарашада № 3995 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 504505506 баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен, Байзақ ауданы бойынша жерді аймаққа бөлу схемалары негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға арттырылсын:

      1) жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;

      2) елді мекендердің жерлеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда);

      3) елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлерге (бұдан әрі – өнеркәсіп жері).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2019 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Р. Сарсенов Н. Тлепов

О корректировке ставок земельного налога по Байзакскому району

Решение Байзакского районного маслихата Жамбылской области от 26 ноября 2018 года № 35-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 29 ноября 2018 года № 3995

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 510 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" и подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Байзакский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. На основании схемы зонирования земель Байзакского района, повысить ставки земельного налога на 50 процентов от базовых ставок земельного налога, установленных статьями 504, 505 и 506 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)":

      1) на земли сельскохозяйственного назначения, предоставленные физическим лицам;

      2) на земли населенных пунктов (за исключением придомовых земельных участков);

      3) на земли промышленности, транспорта, связи, обороны и иного несельскохозяйственного назначения (далее – земли промышленности), расположенные вне населенных пунктов.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Байзакского районного маслихата по вопросам территориального экономического развития, финансов, бюджета, административного территориальной структуре, защите прав человека и рассмотрение проектов договоров закупов участков земли.

      3. Решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие с 1 января 2019 года.

      Председатель сессии Секретарь районного
      районного маслихата маслихата
      Р. Сарсенов Н. Тлепов