РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 504, 505, 506 баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен, Байзақ ауданы бойынша жерді аймаққа бөлу схемалары негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға арттырылсын:
1) жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;
2) елді мекендердің жерлеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда);
3) елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлерге (бұдан әрі – өнеркәсіп жері).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2019 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
Р. Сарсенов | Н. Тлепов |