РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27-баптарына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар үшін 2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан квоталар 1, 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
2. Жамбыл ауданы әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. "Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Найманова Үміткен Қапанқызына жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданының әкімі | Б. Қазанбасов |
Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 cәуірдегі № 229 қаулысына 1-қосымша |
2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квоталар
№ | Ұйымның атауы | Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Белгіленген квота мөлшері | |||
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар | |||||
Жұмыскерлердің тізімдік санынан % | Жұмыс орындарының саны (бірлік) | Жұмыскерлердің тізімдік санынан % | Жұмыс орындарының саны (бірлік) | |||
1 | "Компания Инвест mk" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 60 | 2% | 1 | 2% | 1 |
2 | "БиномСтройДеталь" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 135 | 1% | 1 | 1% | 1 |
3 | "Таң" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 47 | 2% | 1 | 2% | 1 |
4 | "Аса DAMU" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 47 | 2% | 1 | 2% | 1 |
Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 cәуірдегі № 229 қаулысына 2-қосымша |
2018 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квоталар
№ | Ұйымның атауы | Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Белгіленген квота мөлшері | |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар | ||||
Жұмыскерлердің тізімдік санынан % | Жұмыс орындарының саны (бірлік) | |||
1. | "БиномСтройДеталь" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 135 | 1% | 1 |
2. | "Таң" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 47 | 2% | 1 |