Аса ауылдық округі Аса ауылындағы көше және бұрылыстардың атауларын өзгерту туралы

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 102 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 4084 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылдың 08 қарашадағы қорытындысы мен тиісті аумақ халқының пікірлерін ескере отырып ауыл әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аса ауылдық округі Аса ауылындағы көше және бұрылыстардың атаулары өзгертілсін:

      Ленин көшесі – Ш. Қалдаяқов көшесіне;

      Ленин көшесінің 1-бұрылысы – Самал көшесіне;

      Ленин көшесінің 2-бұрылысы –Айдарлы көшесіне;

      Ленин көшесінің 3-бұрылысы – Көктем көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары Е. Бозымбековке жүктелсін.

      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аса ауылдық округінің әкімі Б. Қалшымбетов

О переименовании улиц и переулков села Аса Асинского сельского округа

Решение акима Асинского сельского округа Жамбылского района Жамбылской области от 24 декабря 2018 года № 102. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 29 декабря 2018 года № 4084

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" подпунктом 4 статьи 14 Закона Республики Казахстан 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" на основании заключения ономастической комиссии при акимате Жамбылской области от 08 ноября 2018 года и с учетом мнения населения соответствующей территории аким сельского округа РЕШИЛ:

      1. Переименовать улиц и переулки в селе Аса Асинского сельского округа:

      улицу Ленина – на улицу Ш. Калдаякова;

      1-переулок Ленина – на улицу Самал;

      2-переулок Ленина – на улицу Айдарлы;

      3-переулок Ленина – на улицу Коктем.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима Асинского сельского округа Е. Бозымбекова.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Аким Асинского сельского округа Б. Калшымбетов