РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27-баптарына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жуалы ауданы аумағындағы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар үшін 2018 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан квоталар 1, 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
2. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2018 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айбар Күнтуұлы Әділбақовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Көпбосынов |
Жуалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "11" сәуірдегі № 123 қаулысына 1 қосымша |
2018 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар
№ | Ұйымның атауы | жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Белгіленген квота мөлшері | |
ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін | ||||
жұмыскерлердің тізімдік санынан % | жұмыс орындарының саны (бірлік) | |||
1 | "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жасыл-Жуалы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 49 | 2% | 1 |
2 | "Бурный сүт компаниясы" Жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 93 | 1% | 1 |
3 | Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Жуалы-су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 58 | 2% | 1 |
Жуалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "11" сәуірдегі № 123 қаулысына 2 қосымша |
2018 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар
№ | Ұйымның атауы | жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Белгіленген квота мөлшері | |||
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін | пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін | |||||
жұмыскерлердің тізімдік санынан % | жұмыс орындарының саны (бірлік) | жұмыскерлердің тізімдік санынан % | жұмыс орындарының саны (бірлік) | |||
1 | "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жасыл-Жуалы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 49 | 2 % | 1 | 2% | 1 |
2 | "Бурный сүт компаниясы" Жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 93 | 1% | 1 | 1% | 1 |
3 | Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Жуалы-су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 58 | 2% | 1 | 2% | 1 |