РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аспара ауылдық округінің Аспара ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Мира көшесі – Бірлік;
Набережная көшесі – Аққайнар;
Целинная көшесі – Қазына;
Центральная көшесі – Тұран;
Октябрьская көшесі – Шұғыла;
Садовая көшесі – Парасат.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аспара ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Н. Кенишбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | К. Бикеев |