РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы №461 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2408 болып тіркелген, "Құлан таңы" газетінде 2014 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Оразхан Руслан Қонысбайұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Қрықбаев |