"Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы №461 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 325 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 тамызда № 3922 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы №461 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2408 болып тіркелген, "Құлан таңы" газетінде 2014 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Оразхан Руслан Қонысбайұлына жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Қрықбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады