РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылдың 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақыртөбе ауылдық округінің Ақыртөбе ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:
ДЭУ көшесі - Жібек жолы;
ПХГ көшесі – Қарақұм;
Газовик көшесі – Қарасу.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақыртөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Макулбекова Айнур Алтынбековнаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі | А. Абишев |