РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Жайылма ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жайылма ауылдық округінің Жайылма ауылындағы "Кеңес" көшесі "Асанәлі Әшімов" көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ш. Бейсенбайұлына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Ж. Жаркенов |