Жайылма ауылдық округінің Жайылма ауылындағы "Кеңес" көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 1 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 наурызда № 3724 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Жайылма ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жайылма ауылдық округінің Жайылма ауылындағы "Кеңес" көшесі "Асанәлі Әшімов" көшесі болып өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ш. Бейсенбайұлына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Ж. Жаркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады