РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талас ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Дадабаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Д. Алиев |
Талас ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 104 қаулысына қосымша |
Талас ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
қ/с | Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрі | Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы | |
1 | Күздік бидай | 20.09.2018ж | 10.10.2018ж |
2 | Көкөністер | 15.05.2018ж | 15.06.2018ж |
Ескертпе: Үстіміздегі жылы өсімдік дәнін сіңіретін топырақ қабатының температурасы төмен және көктемгі ауа-райының құбылмалы болуына орай, аталмыш себу мерзімі 10-15 күнге ауытқуы мүмкін.