РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына сәйкес Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаратау қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда жол жүру тарифі барлық жолаушылар үшін – 50 теңге, бастауыш және жоғарғы сынып оқушыларына (1-11 сыныптар) – 30 теңге болып белгіленсін.
2. "Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Талас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Серік Ералыұлы Дадабаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Д. Алиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Талас аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Тулебаев
"__" ____________ 2018 жыл