Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. "Қарағанды облысының білім басқармасы", "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Қошанов |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы "24" шілдедегі № 37/02 қаулысына 1 қосымша |
2018-2019 оқу жылы күндізгі оқу нысаны бойынша мамандықтар бөлінісінде жоғары бiлiмдi мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі
реті | Жоғарғы білім мамандығының коды | Мамандықтың атауы | 2018-2019 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (күндізгі ) | Оқу жылы 1 студенттің оқуына орташа есеп (мың теңгемен) | |
2018 жылғы 4 айға | 2019 жылғы 8 айға | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Білім | |||||
1 | 5В010200 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | 5 (қысқартылған оқу) | 147,8 | 295,5 |
2 | 5В010500 | Дефектология | 5 | 147,8 | 295,5 |
3 | 5В010900 | Математика | 5 | 147,8 | 295,5 |
4 | 5В011000 | Физика | 5 | 147,8 | 295,5 |
5 | 5В012800 | Физика-Информатика | 5 | 147,8 | 295,5 |
6 | 5В011900 | Шетел тілі: екі шетел тілі | 5 (қысқартылған оқу) | 147,8 | 295,5 |
7 | 5В012500 | Химия-Биология | 5 | 147,8 | 295,5 |
8 | 5В012900 | География-Тарих | 5 | 147,8 | 295,5 |
Барлығы | 40 | ||||
Техникалық ғылымдар және технологиялар | |||||
9 | 5В100200 | Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері | 5 | 115,5 | 231,1 |
10 | 5В070800 | Мұнай-газ ісі | 5 | 211,9 | 423,9 |
Барлығы | 10 | ||||
Барлығы | 50 |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы "24" шілдедегі № 37/02 қаулысына 2 қосымша |
2018-2019 оқу жылы күндізгі оқу нысаны бойынша мамандықтар бөлінісінде жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 22.08.2018 № 45/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі
№ | Жоғарғы білім мамандығының коды | Мамандықтың атауы | 2018-2019 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (күндізгі ) | Оқу жылы 1 студенттің оқуына орташа есеп (мың теңгемен) | |
2018 жылғы 4 айға | 2019 жылғы 8 айға | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) | |||||
1 | 6R112600 | Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалардың | 3 | 271,8 | 543,7 |
2 | 6R114400 | Акушерлік және гинекология, оның ішінде балалардың | 5 | 271,8 | 543,7 |
3 | 6R114300 | Неонатология | 2 | 271,8 | 543,7 |
Барлығы | 10 |